Алматы облысында 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді

Алматы облысында 17 қаңтардан бастап 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.

Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар ашық (сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін). Азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.

«Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Жанар-жағар май құю бекеттері ашық.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісті (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін)

Екінші деңгейлі банктер іске кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті» делінген ведомствоның Фейсбук парақшасына жариялаған хабарламасында.