434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордалық полицейлер 41 заңсыз шетелдікті елден шығарды

  • 64
  • UPD: 13:42, 14.01.2022
Елордалық полицейлер 41 заңсыз шетелдікті елден шығарды

Төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ел аумағынан 41 мигрант шығарылды. Бұл тек елордаға қатысты дерек. Қаланың айналасында 6 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері елімізге келу тәртібін бұзған шетелдіктерді анықтап жатыр. Жалпы шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңын бұзудың үш жүзге жуық дерегі тіркелді. Оның ішінде шетелдіктерді заңсыз жасырған 82 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаске инспекторлары бас аяғы алты мыңдай жалдамалы пәтер мен бес жүзге жуық хостелді тексерген.

Хабар 24 телеарнасы