БҚО-да эпидемиологиялық ахуал күрделі

Қызыл аймаққа өткендердің қатарында Батыс Қазақстан облысы бар.

Қазір бұл өңірде эпидемиологиялық ахуал күрделі. Тек соңғы тәулікте тағы 186 адам вирус жұқтырған. Соңғы аптада аурушаңдық көрсеткіші 85 процентке өсті. Оқушы саны 600-ден асатын мектеп қашықтан оқуға көшеді. Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде дәрістер онлайн форматта өтеді. Мемлекеттік органдар мен мекеме, кәсіпорындар қызметкерлерінің 70 проценті қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Барлық көпшілік іс-шараларға қатаң тыйым салынады.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Ashyk жобасында жұмыс жасайтынына қарамастан концерттік залдар, театрлар, филармонияларға жұмыс жасауға тыйым салынатын болады. Топтық шараларды – бұл жұма намаз немесе мешіттерде, шіркеулерде, соборларда, синагогаларда барлық топтық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынатын болады. Конференциялар, семинарлар, форумдарға да тыйым салынады.