Атырауда қоғамдық көліктер түнгі уақытта да жүреді

Атырауда түнгі 23:00 мен таңғы 7:00 аралығында 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды. Коменданттық сағат кезінде ұшақ пен жолаушылар пойызынан түскендер автобуспен діттеген жеріне жете алады.

Қоғамдық көліктер әуежай мен вокзалға кесте бойынша қатынайды. Сондай-ақ күтіп алушылар да автобустарға міне алады. Ол үшін қолдарында жеке куәлігі мен жолаушының жол жүру билеті болуға тиіс.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер түнгі уақытта төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жүреді.

Ерлан Балмұханов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

– Жүргізушілер жолаушыларға қандай бағытта жүретінін айтып, түсіндіреді. Мысалы, вокзалдан 14,7,8 және 2 нөмірлі автобустар өз бағыттары бойынша жүреді. Егер бірнеше жолаушы қала сыртындағы елдімекенге баратын болса, жүргізуші ол кісілерді де жеткізеді. Тұрғындар жолақасын тарифке сәйкес төлейді.