Төтенше жағдай кезінде жедел желіге 107 мың қоңырау түскен 

1414 Call-орталығына хабарласушылар саны көбеймесе, азаймаған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілгелі жедел желіге 107 мыңнан астам қоңырау түскен.

Қоңыраулардың ішінде 80%-ке жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысынан түсіп жатыр дейді операторлар. Ақпарат алушылар мен шағымданушылардың көбі кісі жоғалу фактісі, коменданттық сағат уақыты, қоғамдық көлік және әуежай мен вокзалдардың жұмысы, блокбекеттердегі жағдай туралы сұраған.

Жалпы елдегі операторлардың саны 400-ге жуықтайды. Эпидахуалға байланысты өзін жайсыз сезінген қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі де бар.

Айгүл Тілегенова, 1414 бірыңғай байланыс орталығы директорының орынбасары:

– Операторлар психологиялық көмек қажет болса, психологтармен қосады. Мысалы, жоғалған жағдайда кісілер немесе қауіп төніп тұрған жағдайда оператормен қосып, өтініш тастауға болады. Әрине, халықта әлеуметтік жәрдемақы бойынша көп сұрақ туындады . 10 қаңтардан бастап төлемақылар жүргізілді. Сондықтан қазіргі таңда қоңыраулар саны азайып келуде.