Қарағандыға «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді

Қарағанды фармацевтикалық зауытына «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір екпені жапсырмалау жұмыстары жүріп жатыр. Яғни шығарылған күні, атауы мен сақтау мерзімі жазылады. Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны одан әрмен өңірлерге таратады.

Еске салайық, «Спутник Лайт» Ресейде өндірілген.