Петропавлда заңсыз саудадағы 520 литр алкоголь мен темекі өнімдері тәркіленді

520 литр спирт пен 2 мың 591 қорап шылым. Петропавлдық полицейлер заңсыз саудаға шығарылған ірі көлемдегі алкоголь мен темекі өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру кезінде олардың рұқсат қағаздары жоқ болып шықты. Спирт 5 литрлік ыдыстарға құйылып сатуға сақталған. Тергеу барысында заңсыз айналымнан шығарылған өнімдердің 36 жастағы әйелге тиесілі екені белгілі болды. Ал темекілер Қырғызстан елінде өндірілген. Қазір осыған байланысты тиісті сараптама тағайындалды.

Сейілбек Елжасов, қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары:

– Полиция қызметкерлерімен 520 литр акцизі жоқ спирт тәркіленді. Осы тәркіленген зат ҚР Әкімшілік кодексі бойынша 463-бабымен әкімшілік сотқа жіберіліп, процессуалды шешім қабылданатын болады.