Алматыдағы бүлік кезінде қаза тапқан офицердің мәйіті туған жеріне жеткізілді

Алматыдағы бүлік кезінде қаза тапқан Қарулы күштердің офицері Сәндібек Хайыровтың мәйіті Оралға жеткізілді.

Ол Қапшағайдағы әскери жасақ командирінің орынбасары қызметін атқарған. Марқұм әкімдік ғимаратынан әскери қызметшілерді дер кезінде шығаруға атсалысты. Өкінішке орай, өз өмірін құтқара алмады. Артында жан жары мен екі перзенті қалды.   

Аманжол Хайыров, Сәндібек Хайыровтың ағасы:

- Ата-әжесінің қолында тәрбиеленді, әке-шешесімен бірге. Бауырлардың ішінде інішектеріне, қарындастарына үлгі бола білген азамат деп есептеймін. Отан алдындағы борышын қорғауда қаза тауып отыр.

Маргарита Биялиева, ҚР Қарулы күштерінің ардагері:

- Ол өзінің оқу бітіріп жұмысқа келген күнінен ақ өзінің білімді, сауатты, болашағынан көп үміт күттіретін офицер болатын. Бүгін Хайыровтар отбасында емес бүкіл Қазақстан Қарулы Күштері болашағынан үміт күткізген офицерінен айырылып отыр.