Жамбыл облысында тұрғындар қару-жарақ өткізіп жатыр

Жамбыл облысында тұрғындар жаппай қару-жарақ өткізіп жатыр. Бұған дейін аймақтың коменданты қару мен оқдәріні өз еркімен тапсырғандар жазаға тартылмайды деген.

Содан бері 102 номеріне Тараз қаласы мен аудандардан толассыз қоңырау түсіп жатқан көрінеді. Осылайша бір тәулікте тәртіп сақшылары 40-тан аса қару мен оқдәрі қабылдаған. Арасында анонимді ақпарат берумен шектелетіндері де бар. Мәселен, қоңырау шалған қала тұрғыны қарудың жатқан жерін ғана айтқан. Мекен-жайға шұғыл жеткен құзырлы мекеме өкілдері үш Калашников автоматы мен гранатомет тауып алыпты. Қазір қауіпті заттар сараптамаға жіберілген.

Бақыт Ратаев, облыс коменданты:

- Қарудың, оқдәрілердің, арнайы құралдардың орыны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Құпиялылыққа кепіл беріледі.