1414 call-орталығының операторы вирус жұқтырса қашықтан жұмыс істейді

1414 сall-орталығына хабарласушылар саны көбеймесе азаймаған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілгелі жедел желіге 107 мыңнан астам қоңырау түскен. Жалпы елдегі операторлардың саны 400-ге жуықтайды. Эпидахуалға байланысты өзін жайсыз сезінген қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

- Сәлеметсіз бе, қандай көмек керек?

1414 бірыңғай байланыс номеріне түсетін қоңыраулардың 80%-ке жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысынан, дейді операторлар. Ақпарат алушылар мен шағымданушылардың көбі кісі жоғалу фактісі, коменданттық сағат уақыты, қоғамдық көлік және әуежай мен вокзалдардың жұмысы, дүкендердегі азық-түлік қоры, блокбекеттердегі жағдай туралы сұраған.

Айгүл Тілегенова, 1414 бірыңғай байланыс орталығы директорының орынбасары:

- Операторлар психологиялық көмек қажет болса, психологтармен қосады. Көмек қажет болса, мысалға жоғалған жағдайда кісілер немесе қауіп төніп тұрған жағдайда оператормен қосып өтініш тастауға болады. Әрине әлеуметтік жәрдемақы бойынша көп сұрақ туындады халықта. 10 қаңтардан бастап төлемақылар жүргізілді. 

- Здравствуйте, чем я могу помочь?

Орталықта оператор болып жұмыс істейтін Райхан Әбділманованың айтуынша, түнгі уақытта бас шаһардағы кеңсеге орташа есеппен мыңнан астам қоңырау түседі. 

Райхан Әбділманова, 1414 бірыңғай байланыс орталығының операторы:

- Төтенше жағдай жарияланғалы Алматыдағы атыс бойынша шағымданушылар саны көп болды. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан кезде қоңырау шалушылар саны ұлғайды. Бензині таусылып немесе көлігі істен шығып жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушылар жиі хабарласты. Сол кезде жүктемеміздің көбейгені рас.

1414 сall-орталығы тәулік бойы тегін қызмет көрсететінін еске сала кету керек. Ел бойынша бірнеше ауысыммен жұмыс істейтін 400 оператордың 80-ге жуығы елордада. Қызметкерлердің жүктемесін азайту мақсатында ашылған жедел желі кеңселері.

Сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалаларында орналасқан.

Мирлан Алтынбек, Асхат Қарақойшиев