Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталады

Ертеңнен бастап еліміздің тағы екі өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталады.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Ақмола мен Қостанай облыстарында 15 қаңтар таңғы жетіден бастап төтенше жағдайдың күші жойылады.

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат алтыдан бастап Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Ал бұған дейін Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік қазақстан өңірлерінде төтенше жағдай режимі аяқталған еді.