Жаңа штамм елдегі эпидахуалды күрт нашарлатты

Мамандардың айтуынша, бұл дерт өте жылдам тарайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Омикронның таралуы дельта штамына қарағанда 5 есе жоғары. Санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова кешелі бері  коронавирус жұқтыру шегі бұрын болмаған деңгейге жеткендігін айтты. Бұл көрсеткіш әлі де арту қаупі барын да мәлім етті. Омикрон Қазақстанмен қатар әлем бойынша 149 елде тіркелген. Мамандар наурыз айында  короновирус жұқтыру шарықтау шегіне жетеді деп болжап отыр. Сондықтан сақтық ережелерін мықтап ұстану қажет.  Дәрігерлер бұл аурудың ең тиімді емі вакцина алу екенін айтады. Сондықтан Pfizer екпесін күтудің қажеті жоқ. Елде бар екпелерді алған жөн.

Сондай-ақ...