Шымкентте карантиндік шектеулер күшейтілді

Өйткені қалада эпидахуал нашарлады. Оқушылар қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Шаһардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы жариялады.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

– Шымкентте соңғы тәулікте 370 адам коронавирус жұқтырды. Індеттің таралуын тоқтату үшін карантиндік шектеулер созылды. Жоғары оқу орнының студенттері мен колледж шәкірттері аралас форматта оқиды.

Яғни барлық дәрістер онлайн оқу форматында өткізіледі. Тек практикалық, семинарлық, зертханалық сабақ түрлері икемді кестеге сай дәстүрлі оқытылады. Ал түрлі үйірме мен қосымша сабақтарын өткізетін мекеме Шымкент жастарын «Ashyq» мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы, 10 адамға дейін ғана қабылдай алады. Жаңа қаулыдағы шектеулерде кәсіпкерлік обектілеріне қатысты да өзгерістер бар. Қоғамдық тамақтану орындары тек жартылай толтырылса болады. Бірақ бір үстелде 4 адамнан аспауы тиіс. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар және коммерциялық кеңсе қызметкерлерінің 70%-і қашықтықтан жұмыс істеу режіміне ауыстырылды. Енді ойын-сауық клубтары мен караоке, түнгі кештерге тыйым салынды.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

– Қазір Шымкентте коронавирустың таралуы өршіп, қызыл аймаққа енді. Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүгінде 1,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Соңғы екі тәулікте 300-ден астам адам індет ілмегіне ілінді.