Қарағанды облысында ірі қарадан аусыл дерті шықты

Қарағанды облысының Киікті ауылында аусыл дертінің ошағы табылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір жұқпалы дерт зертханалық сынама арқылы анықталып, нақтыланды. Мамандар аумақты дезинфекциялап жатыр.

Атап өткен жөн, аусыл – ірі қара ішінде аса қауіпті дерт. Тіпті ет, сүт арқылы адамға да жұғуы мүмкін.