Қызылордалық оқушылар қашықтан оқиды

Қызылордада эпидахуалдың нашарлауына байланысты оқушылар қаңтардың 31-іне дейін онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал студенттер 6 ақпанға дейін қашықтан білім алады. Сонымен қатар арнайы мектеп-интернаттар да онлайнға ауысты. Бұл туралы қалалық бас санитар дәрігер мәлімдеді. Коронавирус жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты шектеу де күшейді. Аймақтың бас санитарының қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қарамастан бірқатар нысанның жұмысы тоқтатылады. Діни орындарда бұқаралық іс-шара шаралар өтпейді. Сондай-ақ концерт залдары, филармониялар, театрлар мен кинотеатрлар мен түнгі клуб және караоке жұмыс істемейді.