Қазақстандық кәсіпорындар өңірлерді қалпына келтіруге көмектесіп жатыр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректеріне сай, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ зардап шеккен өңірлерге жабдықтар мен болаттан жасалған өнімдерді тегін жеткізіп беруге әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы трагедиясы Telegram каналының хабарлауынша, қазақстандық автокөлік өндірушілері полицейлер мен жедел жәрдем керегіне 10% жеңілдікпен немесе кейін төлеу шартымен жаңа көліктер беруді бастады. Қазіргі кезде министрліктер өңірлерге ресми хаттар жолдады, әкімдіктерде жұмыс жүріп жатыр. Қазақстандық өндірушілер елдің қиын-қыстау кезеңнен аман өтіп, зардап шеккен салаларды қалпына келтіре алатынына сенімді.