Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

2022 жылғы 15 қаңтар

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 қаңтар

№ 776