Алматыда тәртіпсіздіктерден келген шығын 128 миллиард теңгеден асты

Алматыда болған тәртіпсіздіктерден шағын және орта бизнеске келген жалпы шығын 128 миллиард теңгеден асқан. Бұл кәсіпкерлердің берген есебі.

Нақты шығын көлемі залалды бағалау бойынша құрылған комиссия сараптамасынан кейін белгілі болады. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлерді қолдау бойынша өткен онлайн брифингте айтылды.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу механизмі әзірлеген. Құжат бекітілген соң, жақын арада жарияланатын болады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеровтың айтуынша, шығынды өтеу жолдары барынша оңтайландырылған және тез арада жүргізілетін болады.

Айта кетейік, тәртіпсіздіктер салдарынан Алматы қаласында 1618 кәсіпкерлік нысанға залал келген.