Павлодар облысында бораннан бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Облыстық ТЖД  өңір тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24» Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 14.10-дағы жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (200-254 км) автожолдарының республикалық маңызы бар учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сағат  14.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды. Аққулы ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі Омбы – Майқапшағай автожолында (526-587 км) қозғалыс жабылды. 

Сағат 15.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды, Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда – Павлодар (1367-1206 км) автожолында көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.