Петропавлда иісшіл иттер талай қылмыскерді ұстауға себепкер болды

Ел тыныштығын сақтауға иттер де атсалысып жүр. Кинологиялық орталықтағы төрт аяқты қызметкерлер тыныштықты күзетіп ғана жүрген жоқ, талай қылмыскерді ұстап берген. Былтыр Петропавлда полицияға қолқанат болып жүрген осы қызметтік иттер 600-ге жуық қылмысты ашуға сеп болған.

«Айза» атты неміс овчаркасы Евгений Сичковті ғана тыңдайды. Оның сенімді серігі жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген. Қаппайды. Орталықтағы ең мейірімді иттердің бірі.

Евгений Сичков, инспектор-кинолог:

- Итті қызметке алмас бұрын оның іздеу, иіс сезу қабілеттерін текереміз. Жүйке жүйесіне де мән береміз. Біздің талаптарға сай болса осында қалады.

Солтүстік Қазақстан облысында 47 иісшіл ит қызмет етеді. 2021 жылы олардың көмегімен 12 келі түрлі есірткі заттары табылды. Ұрлық, тонау, тіпті адам өлтіру секілді ауыр қылмыстар да ашылған.

Нұржас Дәулетбаев, инспектор-кинолог:

- Үш ай «Руна» атты неміс овчаркасымен лақап аты дайындықтан өттім. Осы із кесу бойынша және де қазіргі кезде осы жедел–оперативті бөліммен бірге әртүрлі қылмыстарға шығамыз. Және де көмектесуге тырысамыз. 

Кинологтар тағы бір итті қимай тұр. «Злат» атты неміс овчаркасы мұнда 9 жыл қызмет етіп, бүгін зейнетке шығып жатыр. Бұл иттің көмегімен 50-ден аса қылмыстың беті ашылды. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов