Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 73 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 16 қаңтардағы мәлімет бойынша 67 700 адам коронавирус инфекциясынан (66 048 КВИ+ және 1 652 КВИ-) ем алып жатыр.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінше, емделіп жатқандардың ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 253 адамның жағдайы ауыр, 78 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.