431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

  • 178
  • UPD: 15:22, 16.01.2022
Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, Қайрат Оразбаев Атырау қаласы әкімінің қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы