Күзет қызметі бір күндік жалақысын аударды

Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан күштік құрылым мамандарының отбасыларына аударады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы органның баспасөз қызметі мәлімдеді. «Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлерінің ата-анасына және туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Бейбіт халықты қорғау кезіндегі олардың ерлігі мен жанқиярлық батырлығы қызметтік борышты атқару мен антқа адалдықтың үлгісі. Олардың ерлігі әрқашан біздің жүрегімізде болып, кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлгі болады» – делінген жазбада.