Жаппай тәртіпсіздік: елдің инвестициялық тартымдылығына да қауіп төндіруі мүмкін

Түрлі есеп бойынша қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстан экономикасына келтірілген шығын 2 жарым миллиард долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеу қаупі бар. Бұл да экономикаға кері әсер ететін фактор. Осыған байланысты Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері әлемдік қауымдастыққа елдегі ахуалға қатысты толық әрі шынайы ақпарат берумен айналысып жатыр. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы жайында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Әлеуметтік желілердің де айдарынан жел есіп тұр. Шындыққа жанаспайтын ақпарат тараған кездер де болды.

Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Түркиядағы елшісі:

– Сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты басталған бейбіт шеруге Алматыда террористік-диструктивтік әрекеттер көлеңке түсірді. Үлкен трагедиялық дағдарыс Президенттің батыл жігерінің топтасуының арқасында мемлекеттілігіміз қорғап қалынды. Ірі апаттың алды алынды. Еліміз осындай жағдаймен арпалысып жатқан тұста, алғашқы сәттен бастап Түрік билігі мен халқы Қазақстан мемлекетінің қасында екенін мәлімдеп, кез келген қолдауды көрсететін жеткізгенім үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

Қазақстандық дипломаттар әлемдік қауымдастыққа ел билігінің шешімдерін, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлерін кіргізудің қажеттігін түсіндіріп, болып жатқан оқиғаларға қатысты нақты дәлел-дәйектер келтіріп жатыр.

Бұл Қазақстан Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның СиЭнЭн телеарнасының эфирінде тілшілердің сұрағына жауап беріп жатқан сәті.   

Ержан Қазыхан, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

– Оқиғаларды тергеумен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылды. Алдағы уақытта халықаралық серіктестеріміз және әлемдік қауымдастықпен комиссия жұмысының нәтижелерімен бөлісетін боламыз. Қазір нақты бір затты айта аламыз. іштен де, сырттан да келген лаңкестік топтар болды. Олар қаруланған, дайындықтан өткен. Ірі қалаларда билікті басып алуды көздеген. 

Бұл күндері Қазақстан елшілері республикамыздағы ахуалға қатысты әлемнің түрлі телеарналарына сұхбат беріп, жиындар өткізіп, оқиғаның шынайы жай-жапсарын түсіндіріп жүр.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жазбалар, суреттер мен бейнедеректер жариялады. Ал Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ақпаратпен бөлісіп жатты.

 Мұхтар ТілеубердІ, ҚР сыртқы істер министрі:

– Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылындағы ең ауқымды дағдарысты бастан өткеріп, қайғылы оқиғалардың куәсі болдық. Біз секілді сіздер де Алматы не өзге қалалардағы жақындарыңыздың, әріптестеріңіз бен отандастарыңыздың амандығы үшін алаңдайтындарыңызды жақсы түсінеміз. Шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Ел басына күн туғанмен, мемлекет өзінің тұтастығын, оның сыртында халықаралық беделін сақтап қала алды. Шетелдік инвесторлардың да алаңдауына еш негіз жоқ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша елімізден ешқандай инвестор кеткен жоқ.

S&P Global өкілдерінің топшылауынша, Қазақстанның несие рейтингі бұрынғы деңгейін сақтап қалуы тиіс. Бұл, әрине, жақсы жаңалық. Алайда Алматыдағы оқиғалар отандық компанияларға деген сенімге нұқсан келтірмей қоймады. Мәселен, Moody’s рейтинг агенттігі 10 қазақстандық банктің қызметін қайта қарастырып жатыр. Осы ретте дипломатиялық өкілдіктер, мемлекеттік аппарат және бүкіл Қазақстан қоғамы алдында Президент жария еткен реформаларды іске асыру, елді әрі қарай дамыту үшін күш біріктіріп, еліміздің беделін қалпына келтіру міндеттері қойылып отыр.  

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Алия Сыздыкова, Айдана Карибжанова, Меруерт Канағат, Руслан Омиржан