Оралда 200-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Салтанатты ант беру рәсімі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді, деп хабарлайды Хабар 24.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, аталмыш бөлімге Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан әскерге шақырылғандар келген болатын. Жауынгерлердің ата-аналары мен жақын-туыстары үшін тікелей онлайн байланыс ұйымдастырылды. Жаңадан келгендер бір ай бойы саптық, дене және атыс дайындығынан өтіп, әскери жарғыны оқып-үйренді. Салтанатты іс-шарада «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал- майор Арман Жұмағалиев, қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Алазов, 5517-әскери бөлімінің командирі, подполковник Сағындық Алқайқаров және басқалар сөз алып, жас сарбаздарды әскери ант қабылдауымен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ...