Уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды – Прокурор

Алматыда терроризмге қарсы операция жалғасуда, деп хабарлайды Хабар 24.

«Прокурорлар Президент тапсырмасына сәйкес, ауыр қылмыстары жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша тиімді іс-шаралар қабылдады. Жасалған құқық бұзушылықтарды лайықты бағалаймыз. Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, қала прокуратурасы 71 адамға әкімшілік жазаларды жеңілдетті. Біз уақытша ұстау изоляторынан 91 адамды босаттық», – деді қала прокуроры Берік Жүйріктаев.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады. Қазір қаладағы интернет желісі қалпына келтірілді. Азаматтық қоғамның барлық институттары жұмыс істейді. «Барлығыңыздан коменданттық сағат талаптарын сақтауды сұраймын», – деді қала прокуроры.