Жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам қаза тапты – Алматы ПД

Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов бұл туралы бүгінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір жаппай тәртіпсіздікке байланысты 400-ден аса қылмыстық іс қозғалып, 249 адам қамауға алынды. Ал прокурор Берік Жүйріктаевтың мәліметінше, лаңкестер 2 мыңнан аса нысанда ойран салған. Оқиға орнынан айғақ заттар, соның ішінде бүлікшілер киген киімдер мен саусақ іздері, бейнежазбалар алынды.  Сондай-ақ прокурор 5 қаңтарда шаһарда тек содырлар тобы әрекет еткенін айтты. Антиррорлық оперция әлі  жалғасып жатыр.

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы

Берік Жүйріктаев, Алматы қаласының прокуроры