Экологтар Ақмола облысының кәсіпорындарына 27 млн теңге айыппұл салды

Ақмола облысының кәсіпорындары 27 млн теңге айыппұл төлейді.

Экологтардың жыл бойы жүргізген жоспардан тыс тексеріс жұмыстарының нәтижесі осындай. Тексерілгені 52 мекеме. Бұларда атмосфераға шығарылған зиянды қалдық нормадан асып кеткен, – дейді мамандар. Олардың алды жылу қазандықтары, кен, құрылыс компаниялары мен спирт зауыты.

Айта кетейік, экологтар әзірге тек ірі және орта кәсіп нысандарын ғана тексере алады. Себебі елде 2023 жылға дейін шағын бизнеске қандай да бір тексеріс жүргізуге мараторий жарияланған.

Арыстанбек Тасқынбаев, облыстық Экология департаментінің бөлім жетекшісі:

– Заңбұзушылықтың бірі – бұл өнеркәсіп орнында қалыптасатын қалдықтардың нормаларын сақтамау. Яғни, қалдық түрлеріне байланысты паспорт әзірлемеу, қалдықтардың түрлері бойынша бөліп сұрыптау жүргізбеу. Әкімшілік хаттамадан бөлек, қоршаған ортаға келтірілген шығын мөлшерін, экономикалық залалды есептедік. 81 млн теңге көлемінде залал мөлшері есептелінді, қазір өндірілу үстінде.