Алматы трагедиясы жайында тың ақпарат айтылды

Алматы оқиғасы неден басталды? Қалай басталды? Бейбіт шеруді бүлікке ұластырған кімдер? Полицияның мәліметі бойынша, кешегі дүрбелеңде 149 адам көз жұмған. Қолды болған қару-жарақтың саны 1300-ден асады. Ал содырлар мәйітханадан 41 адамның денесін алып кеткен. 

Алматы трагедиясының қалай басталғанын полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтып берді. Оның сөзінше, тәртіпсіздіктің алғашқы күні заңсыз шеруге шыққандардың саны 2 мыңдай адамды құраған. Кейін қатары арта түсті. Шерушілерге радикалды топ өкілдері мен содырлар қосылды. Олар азаматтарды полицияға қарсы зорлық-зомбылық жасап, әкімдік ғимаратын басып алуға үгіттеді. Сол кезде дабыл бойынша гарнизонның толық құрамы көтерілді.

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы:

– Түскі уақытта кем дегенде 10 мың адамнан тұратын шабуылшылардың негізгі  колонасын басып алынған коммуналдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып өтіп, қала әкімдігін басып алуға әрекеттенді. Шабуылшылардың сан жағынан басымдылыған қарамастан полиция мен әскери қызметкерлердің жанқиярлық әрекетінің арқасында олардың ойлаған жүзеге аспады. 

Әкімдікті басып алу ойы екі рет іске аспаған соң бұзақылар райынан қайта бастаған. Алайда алаңды босатар кезде жол бойында кездескен қызметтік, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерін өртеп жіберді.

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы:

– 5 қаңтар күні таңертең әр аудан мен шет аймақтардан қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды. Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы әрекеттенді. Шектеулі кеңістікті және әкімдіктегі адамдардың тығыздығы ескере отырып, полиция қызметкерлері қаруды қолданбады. Өйткені көптеген адам шығынана әкелуі мүмкін еді. Полицейлер шегінуге мәжбүр болды.

Ал басбұзарлардың енді бір тобы бір мезетте қару-жарақ сататын 7 дүкенді тас-талқан етті. Шаһардың бас полицейінің хабарлауынша, мыңнан аса қаруды қолды қылған. Қаңтардың бесінен алтысына қараған түні департамент ғимаратын басып алуға 27 рет оқталады. Тіпті із суыту үшін жаралылар мен қаза тапқандарды өздерімен бірге әкеткен. Қанат Таймерденовтың мәлімдеуінше, содырлар мәйітханаға 7 рет шабуылдап, 41 мүрдені ұрлады. Әскерилердің киімін киіп, әрекет еткен жағдайлар да кездеседі.

Қанат Таймерденов, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы:

– Өкінішке орай, қақтығыстар мен шабуылдар нәтижесінде 149 адам көз жұмды. Олардың басым көпшілігі бұзақылық пен лаңкестіктер. Сондай-ақ олардың қолынан қаза тапқан бейбіт адамдар. Лаңкестердің негізгі саны 5-інен 6-на қараған түнде полиция бөлімшелері мен блокпосторға шабуыл жасау кезінде жойылды.

Қаланы қылмыскерлерден тазарту үшін қаңтардың алтысынан бері антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Полиция жаппай тәртіпсіздік бойынша 400-ден астам іс қозғап, 200-ден аса адамды қамауға алды. Қала прокуроры Берік Жүйріктаев осылай дейді.

Берік Жүйріктаев, Алматы қаласының прокуроры:

– Біз оларды қарапайым шерушілер деп ойладық. Сондықтан да оларға қатысты қару қолданылған жоқ. Қазір біз олардың наразалық акцияларын өз мақсаттары үшін қолданғанын түсінеміз. Олар көшеге шыыққан бейті тұрғындарды қалқөан ретінде пайдаланды. Қылмыскерлердің  жасаған қатыгездіктерін көріп, қарапйым азаматтар үйлеріне тарады деп сенемін. 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен терроистер қылмыс жасады.

Бүлік кезінде бас-аяғы 2 мыңға жуық нысанға зақым келген. Қазір оқиға орнынан табылған айғақ заттар - киімдер, бейнежазалар мен саусақ іздері зерттеліп жатыр, деп мәлімдеді Берік Жүйріктаев.