Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл аймақта»

Қазақстанды ковид құрсап тұр. Қазір Түркістан облысы ғана «сары аймақта» қалды. Қалған өңірлер түгел «қызыл аймаққа» енген.

Кешелі бері 11 мыңнан аса адам вирус жұқтырды. Ал бұдан бір күн бұрын, 13 мыңнан аса адамнан анықталған. Соның ішінде елордадағы эпидахуал қиындау. Бір күнде Нұр-Сұлтан қаласында 4 мың 639 адам дертті болған.