425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Депутаттар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

  • 141
  • UPD: 10:31, 17.01.2022
Депутаттар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Сенат пен Мәжіліс депутаттары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдай отырып, өздерінің бір күндік жалақысын осы қорға аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Еліміз Президенті атап өткендей, қорда жинақталған қаржы сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы