Тәртіпсіздік салдарынан Алматыға 112,6 млрд теңге шығын келді

Тәртіпсіздік салдарынан Алматыға 112,6 млрд теңге шығын келді

Тәртіпсіздік салдарынан Алматыға 112,6 миллиард теңге шығын келді. Бұл туралы шаһарды қалпына келтіру жөніндегі штабтың отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров жариялады.

Оның айтуынша, есептеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша әкімшілік нысандарға 22,6 миллиард, материалдық-техникалық базаға 16,7 миллиард теңге шығын келген. Сондай-ақ бүлінген көлік құралдарының құны 1,9 миллиардқа тең. Әзірге кәсіпкерлік шығын 67 миллиард теңге деп есептелді. Әсіресе, азық-түлік емес тауар түрлерін сататын дүкендер көп зардап шеккен.