Ақтөбе облысында қар құрсауынан 45 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында қар құрсауынан 45 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында қар құрсауынан 45 адам құтқарылды. Арасында 6 бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте ақ түтек боранның себебінен, өңірдегі жолдардың басым көпшілігі жабық болды. Соған қарамастан сапарға шыққан адамдар төтенше жағдайлар департаментіне, көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Мәселен Мәртөк ауданында малдың соңынан кеткен қойшыны, құтқарушылар 3 сағат бойы іздеді. Никельтау ауылы маңында, қарға батқан 5 көлік шығарылды. Ал Қарғалы ауданындағы шалғай ауылдардың біріне шыққан жедел жәрдем көлігі жол бойында қалыпты. Толғақ қысқан жүкті әйел аудандық ауруханаға төтенше жағдай департаментінің жол талғамайтын көлігімен жеткізілді. Қазір облыстағы барлық жол ашық.