Көмір мен коммуналдық қызмет бағасы өспейді  

Көмір мен коммуналдық қызмет бағасы өспейді  

Ертіс өңірінде коммуналдық қызмет пен тұрмыстық қажеттіліктегі көмір бағасы өспейтін болды. Баға өткен жылғы көрсеткішке сәйкес болмақ.

Сала мамандарының хабарлауынша, осындай келісімге энергия таратушы ұйымдар келген. Ал аймақтың тұрғын үй-коммуналдық қызмет өкілдері халықты көмірмен қамтитын кәсіпорындармен меморандумға қол қойған. Мақсат - ішкі нарықтағы қатты отынды қымбаттатпау және өндіріс көлемін азайтпау. Қазіргі уақытта нарықтағы қатты отын бағасы тұрақталған. Тапшылық жоқ. Кеніштен шығарылатын көмірдің бір тоннасының бағасы 7500 теңгені құрайды. Тасымалдау шығындары есепке алынса, 8 мыңнан 20 мың теңге аралығында сақталады. Бұл - өткен жылғы көрсеткіш. Аталған мәселе қала-аудан әкімдерінің жіті бақылауында болмақ. Сонымен қатар, нарықтағы баға бойынша мониторинг тұрақты жүргізіледі. Бағаны негізсіз көтеру деректері тіркелсе, қатаң жаза қолданылмақ.

Нұрлан Ахметбаев, көмір өндіруші кәсіпорын басшысы:

– Көмір өндірісі сұранысқа сай ұлғайып келеді. Облыс сұранысы бойынша былтыр 105 мың тонна қатты отын шығарылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Өндірістік қуаттылығымызды арттыруға мүмкіндік бар. Ал баға өзгермейді. Мәселен, екі жыл бұрын теміржол бойын тасымалданатын көмірдің тоннасы 7600 теңге көлемінде болса, биыл 6335 теңгеге арзандатылды.