Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолы уақытша жабылды  

Ақтаудың көрнекті орындарының бірі – «Жартасты соқпақ» жолы уақытша жабылды. Себеп – жарқабақтан үлкен тас құлағалы тұр. Өмірге қауіпті аумақ өткен демалыс күндері қоршалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта альпинистер құтқарушылармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Тексерулердің қашан аяқталары әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 2020 жылы бұл маңда 3 рет биіктіктен тастар құлады. Соның салдарынан бүлінген ағаш өткелдер қайта қалпына келтірілді.