БҚО тұрғыны қардан мешіт қалады

Достық ауылының тұрғыны аққала жасап, қардан мешіт тұрғызды, деп хабарлайды Хабар 24.

Нәдір Қуанаев оны жасауға 2 аптадан астам уақыт жұмсапты. Мұнараларын қоса есептегенде биіктігі – 4 метр шамасында. Тура Оралдағы  діни нысанның шағын көшірмесі іспетті.

Автордың айтуынша, бұған дейін ақ ұлпадан көлік жасаған. Ал ғимарат сұлбасын алғаш қалап отыр. Енді қардан тұрғызылған мешітті түрлі түсті шамдармен безендірмек. 

Нәдір Қуанаев, Достық ауылының тұрғыны:

– Қар салып-салып, тығыздап, содан кейін уже күмбезіне коробка құрдым. Бір жағынан ауа райы да кішкене кедергі болды жасауымызға, еріп кетті алдында. Содан қайтып тұрғызып, қайтып құрадым енді. Ондай ерекше инструменттер болған жоқ. Кәдімгі үйдегі инструменттер: ара, пышақ, күрек.