Алматыда арнайы операция кезінде ұсталғандардың саны 2748-ге жетті

Ұсталғандардың ішінде лаңкестік әрекеттер мен тонауға қатысқандары бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Комендатураның ақпараты бойынша 131 суық қару мен 4179 дана оқ-дәрі тәркіленді. Кешегі күнінң өзінде тұрғындардан 437 хабарлама түскен. Оның 41-іне жедел қызмет аттанды. Хабарламаның ешқайсы жауапсыз қалған жоқ. Шұғыл шешім қабылданды, – дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек