Елімізде арнайы жасақтың жалақысы өседі

Бұл жөнінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Үкімет отырысында, сондай-ақ кешегі дүрбелеңде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды. Заң бойынша, қызметтік міндетін атқару кезенде қаза болған қызметкерлердің отбасына 5 жыл ақшалай өтемақы, сондай-ақ жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді. Қаңтар оқиғасы кезінде полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тауып, үш мыңы жарақат алған болатын.