«Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу басталды

Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл агрегаторға қатысты шағымдар қауырт желі бойынша көп түскен. Енді агенттік экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу жүргізеді. Бұдан бөлек сұйытылған газды көтерме саудада өткізетін 6 субъектіге және бөлшек саудада өткізетін 180 субъектіге қатысты тексеріс басталды. Ал көгілдір отын құнының шарықтауына басты себеп - ол электронды сауда алаңындағы баға механизмінің жетілдірілмеуі, – дейді агенттік төрағасы Серік Жұманғарин.