Бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді

Премьер-Министр өз сөзінде азық-түлік өндірісін ұлғайту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұдан бөлек энергия көздеріне, баға белгілеу тетігі мен ақылы қызметтердің тарифтерін қайта қарауға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылданады. Үкімет отырысында Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы шара қолданады. Әрі делдалдарды тексереді. «Біз жауапсыз сатушылар мен алып-сатарларға бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табуға жол бермейміз», – деді Үкімет басшысы.