Елімізде аса ауыр қылмыс бабымен 695 іс қозғалды

Қадағалаушы орган өкілдері елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, заң талаптарын өрескел бұзған 695 іс бойынша тергеу жүргізіп жатқандарын айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның 44-і терроризм бабы болса, 15-і кісі өлтіру, тағы 6 іс билікті басып алуға насихат жүргізгендер. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлімдеді. Ол сондай -ақ ел Президентінің тапсырмасына сай әкімшілік құқық-бұзушылық аясында 8 мыңнан астам іс қаралып жатқанын, олардың арасында жасаған ісіне өкініп, заңды өрескел бұзбағандарға қатысты жеңілдету шаралары да қабылданып жатқанын атап өтті. Мысалы, о баста әкімшілік құқық-бұзушылық бойынша 1200 адам қамалған болса, прокурорлардың шағымынан кейін олардың 700-ге жуығы ескерту алып, бостандыққа шығарылған.