Павлодар тұрғындары биыл крещение рәсімін суға түспей-ақ өткізеді

Өйткені эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Ертіс өңірінде крещение рәсіміне орай мұзды суға түсуге тыйым салынды, деп хабарлайды Хабар 24.

Шектеуге қарамастан бұл күні өзен көлдерде ойықтар пайда болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бүгін түнде облыс бойынша 90-нан астам маман кезекшілік атқарады. Себебі халықтың бір жерге көптеп жиналуы коронавирус инфекцияның таралуына септігін тигізуі мүмкін. Дегенмен шіркеу қызметкерлері бұл күні қасиетті су таратады.

Алексей Степанов, Епархиялық басқарманың хатшысы:

– Облыс орталығындағы шіркеулерде су алуға арналған орындар жасақталады. Мерекені атап өткізгісі келетін кез келген тұрғын оқылған суды ала алады. Діни рәсім далада, таза ауада ұйымдастырылады.