Алматы полициясы өртенген көліктердің тұрағын көрсетті

Алматы полициясы құртылған көлік тұрағын көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданған, оның 53-і өртенген. Зақымдалған көліктердің жалпы санының 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Сонымен қатар Алматы қаласы ПД-де жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдар нәтижесінде келтірілген залалдың алдын ала қорытындылары жарияланды:

– 5 фронт-офис өртенді;

– Алмалы аудандық ПБ мен Полиция департаментінің ғимараттары зақымданды;

– 19 модульдік және 13 экологиялық бекеттер зақымданды және өртенді.