Атырау облысында 39 мың жұмысшы қысқартылады

Биылдан бастап өңірдегі «Теңіз» кен орнында еңбек етіп жүрген 39 мың жұмысшы жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Наруыз айында 12 мың азаматтың компаниямен келісімшарты аяқталады. Барлығы да арнайы дайындық курсынан өткен кәсіби мамандар. Жергілікті билік оларды, жұмыспен қамтуды қолға алды. Биыл мұнайлы өңірде 7 әлеуметтік жоба жүзеге асуы тиіс. Оның аясында 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, Атырауда мұнай газ өнеркәсібі саласында тағы 3 жоба қолға алынып, 14 мыңға тарта жұмыс орны ашылады.

Гүлболат Аманғалиева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

– 2022-2027 жылдары индустриалды-инновациялық даму мемлекттік бағдарламасы шеңберінде полиэтилен өндірісі интеграциялық газ химиялық кешенінің құрылысы, сонымен бірге «Қашаған» кен орнында газды өңдеу зауыты құрылысы іске асырылып жатыр. Енді Атырау облысында жұмыс орындары бар. Осы жобадан босаған жұмысшыларды толықтай қамтуға мүмкіндік болады.