Жолдардың сапасы сын көтермейді

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам көз жұмды. 12 жолаушы жарақат алды. Мамандардың айтуынша, көлік апатының көбеюіне республикалық жолдарды күтіп ұстау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі де әсер етіп отыр.

Бұл республикалық маңызы бар «Орал-Атырау» автотрассасы. Өкінішке орай, мұнда жол апаттары жиі тіркеледі. Жуырда ғана «Камаз» бен жеңіл көлік соқтығысып, 5 бірдей жолаушы көз жұмды. Қайғылы оқиғалар өзге бағыттағы автожолдарда да жиі болады.

Қуаныш Сәбитов, қала тұрғыны:

– Жол шамалы тайғақ, тазаланбайды деуге болады. Өзім Тайпақ ауылынан келе жатырмын. Жол мәселесін қарастырса мына үкімет жағы дегім келеді.

Жолдардың сапасына жауапты мердігер мекемелер бұл жағдайды білмейді емес, біледі. Өйткені, тек полиция департменті тарапынан 107 ұсыныс беріліпті. 11 хаттама толтырылып, 300 мыңның үстінде айыппұл салынған. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» облыстағы филиалы да жыл басынан бері 10 шақты мәрте мониторинг жүргізді.

Санжар Қабышев,  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» БҚФ бөлім басшысы:

– Жолдың қауіпсіздігімен үздіксіз қамтамасыз ету кезінде мердігер жағынан жолды қардан мұздақтардан жою сәттерінде директивалық сроктардың орындалмауы байқалады. Сол себепті бірнеше ақаулықтар және жолдардың талапқа сай келмеген материалдар тез арада тапсырыс беруші мен мердігерге жолданып отырады.

Өңір жолдарының жағдайына жауапты «Қазавтожол» кәсіпорнының 70-тен аса техникасы бар екен. Биыл қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 2 миллиард теңге бөлінген. Құм-тұз қоспасы да жеткілікті, – дейді серіктестік өкілдері. Алайда сапасы жүгізушілер көңілінен шықпай отыр.

Айта кету керек, жолды қардан тазалау жұмысына жауапты кәсіпорын қазір екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 260 техника мен 245 жұмысшы жұмылған.

Ринат Нұрғалиев, кәсіпорын директоры:

– Қазір мына магистралды жолдарды тазалап болдық. Екінші мақсат – көктем кезінде су тасқынын болдырмау. Соған байланысты жеке секторда жұмыс жүріп жатыр.

Қала бойынша қар төгетін 3 полигон бар. Қыс маусымы басталғалы шаһар аумағынан 260 текше метр қар шығарылды.

Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

Сондай-ақ...