Маңғыстауда 7 мың оқушыға компьютер таратылады

Маңғыстауда қашықтан оқитын оқушыларға уақытша компьютерлер таратылады. Техника бірінші кезекте мұқтаж отбасыларға беріліп жатыр.

Білім басқармасының хабарлауынша, Ақтау, Жаңаөзен қаласындағы мектеп оқушыларына компьютер жетпейді. Былтыр республикалық және жергіліктен бюджет есебінен 35 мыңнан астам техника сатып алынған болатын. Бірақ, әлі де бір компьютерге 5-6 баладан келеді. 3-ші тоқсаннан бастап 47 мың оқушы онлайн форматта білім алып жатыр.

Светлана Төлебаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар арасынан компьютерге мұқтаж 7881 оқушыға уақытша пайдалануға компьютерлік техника таратылуда. Алмаған ата-аналар болса, баласы оқитын мектептеріне хабарласуға болатындығын хабарлаймыз. Онлайн форматында оқитын қалалық жерлердегі 45978 оқушыға интернетке қолжетімділік бар, 3121 оқушы роутерлермен қамтамасыз етілді.