Ертіс өзенінің жағалауы бекітілді

Семейде биыл Ертіс өзені қатқан жоқ. Бұл жағдай су қоймасына жақын орналасқан тұрғандарды алаңдатып отыр.

Мамандар уайымдауға негіз жоқ деп сендіреді. Өзен жағалауын бекіту жұмыстары өткен жылы басталған еді. Құны 1 млрд 200 миллион теңге болатын жоба Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасымен жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары 1 наурызда аяқталады деп жоспарланған. Қазір өзен жағалауын бекіту жұмыстары Мирный ауылында жүріп жатыр.

Амантай Өтелбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы

– 2018 жылы апат болғаннан кейін жоба істелінді. Сол жоба бойынша экспертизалық жұмыстарды 2021 жылы ақша бөлінді. Бөлінген ақшаға компания госзакуп арқылы қазіргі уақытта атқарып бітірді. Су тасқыны кезінде ешқандай кедергі келмейді. Жұмыстардың бәрі жобамен жасалған. Өзіміз мониторить етіп отырамыз.