ҚР ІІМ: Заңсыз қару сақтағандар жазаланады

Тұрғындар заңсыз сақталған қаруы-жарақ пен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруы тиіс. Қаруды полицияға әкелген адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ішкі істер министрлігі халыққа осындай үндеу тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қабылданған шара екенін ескертті. Суық қаруды заңсыз сақтағандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атығай Арыстанов,  ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

– Заңсыз сақталған қаруды, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылмайды. Осыған байланысты байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақтаған қару, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өх еркімен тапсыруға шақырады. Жазатайым оқиғаның алдын алу және жарақаттанудың алдын алу мақсатында қару тасымалдауға тырыспаңыздар. Бұл туралы полицияға хабарлауды сұраймыз.