Жамбыл облысында ТЖ режимі тоқтатылғанымен блокбекеттер алынбайды

Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен блокбекеттер алынбайды.

Аймақта әлі де террорлық қауіптіліктің қызыл деңгейі сақталып отыр. Сондықтан өңірдегі 28 блок бекет 25 қаңтарға дейін жұмысын жалғастырады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, төтенше жағдаймен бірге сағат 7:00-ден 23:00-ге дейінгі коменданттық сағат шектеуі алынды. Алайда түнгі уақытта жүрген адамдар мен көліктерді тексеру жалғаса бермек.