Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Қаңтардың алғашқы күндері Алматы дәріханаларында дәрі тапшы болып, тұрғындар біраз сарсаңға түскен еді. Алайда қала әкімдігі қазір препараттар жеткілікті екенін айтады.

Жақында ғана тұрақтандыру қоры қажетті дәрімен толыққан. 56 түрлі дәрінің 1,5 миллионға жуық қорабы сатып алынған. Ал уақытша тапшылыққа кешегі дүрбелең себеп болған. Интернет болмағандықтан бірқатар тапсырыстар да рәсімделмей қалған. Қазіргі уақытта 309 мың препарат дәріханаларға жеткізілді. Қалада дәрі тапшылығы жоқ. Әкімдік өкілдері осылай деді.

Тимур Хаиров,  Дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорының үйлестірушісі:

- Дәрілердің жеткілікті болуы дәріхананың қандай компаниямен келісім-шарт жасағанына да байланысты. Бір анығы, көтерме жеткізушілерде дәрі тапшылығы жоқ. Тұрғындар жиі қолданатын сұранысқа ие препараттардың бәрі бар.